«Балауса» жазғы сауықтыру лагерінде өткізілген іс-шаралар ақпары

Дата: 2021-07-02 22:09:25
«Балауса» жазғы сауықтыру лагерінде өткізілген іс-шаралар ақпары 2 шілде күні “Балауса” жазғы сауықтыру лагерінің салтанатты жабылу жиыны өтті. Мерекелік жиында лагерь оқушыларының атынан құлақ құрышын қандырар әуезді ән шырқап, мың бұралған қимылымен таң-тамаша би биледі. Лагерь балалардың жүрегіне жылулық, қуаныш, ізгілік, махаббат, сүйіспеншілік сыйлай білгенімен қоса, естен кетпес өте мағыналы естелік қалдырды. “Балауса” жазғы сауықтыру лагеріне белсене қатысқан оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.