«Балауса» жазғы сауықтыру лагерінде өткізілген іс-шаралар ақпары

Дата: 2021-07-02 22:03:43
«Балауса» жазғы сауықтыру лагерінде өткізілген іс-шаралар ақпары 29 маусым күні “Балауса” жазғы сауықтыру лагерінің тәрбиеленушілері таңғы бой жазу жаттығуларын жасап, лицей фойесінде өткен түрлі ойындарға атсалыса қатысты. Оқушылар түрлі-түсті қағаздардан әртүрлі бұйымдар жасап, шеберліктерін танытты. Қол моторикасын, логикасын дамытатын ойындар ойнады. «Жаз-2021» жоспары бойынша Оқушылар сарайындағы түрлі үйірмелерге қатысып , уақыттарын қызықты өткізіп келді.