2021 жылдың 21 мамыр күні сағат 10.00.- де «Абай атындағы №2 мектеп- лицейі» КММ- де жалпы ата- аналар жиналысы өтті.

Дата: 2021-05-23 19:37:46

2021 жылдың 21 мамыр күні сағат 10.00.- де «Абай атындағы №2 мектеп- лицейі» КММ- де жалпы ата- аналар жиналысы өтті. Жалпыреспубликалық ата- аналар жиналысында «2020-2021 оқу жылының аяқталуы», «Жазғы мектеп», «Қауіпсіз жаз» мәселелері күн тәрбітіне қойыла отырып, ата-аналарға осы тақырыптар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мектеп- лицейдің оқу ісі жұмысы жөніндегі орынбасары Г.С.Мейрбекова оқу жылының аяқталуы мен жетістіктері, жазғы мектептің ұйымдастырылуы туралы, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары М.Ж.Сейткалиева жазғы қауіпсіздік ережелері мен мектеп формасы, мектеп психологы А.А.Толетаева буллинг, кибербуллинг мәселелері бойынша тоқталып өтті.