«Зерек» педагогикалық жобасының жүргізілуіне арналған үлкен облыстық семинар өтті. Осы семинарда Абай атындағы №2 мектеп лицейінің ұстаздары да өз іс тәжірибелерімен бөлісті.
Дата: 2021-05-06 07:11:29
04.05 күні «Зерек» педагогикалық жобасының жүргізілуіне арналған үлкен облыстық семинар өтті. Осы семинарда Абай атындағы №2 мектеп лицейінің ұстаздары да өз іс тәжірибелерімен бөлісті. Стамбекова Ш.Д. «Ми сыңарларының жұмысын белсендірудің тиімділігі» тақырыбы аясында кинезиологиялық жаттығулар мен оқушының ойлау қызметінің белсенділігін арттыруға көмектесетін ми жаттығуларын пайдаланудың тиімділігі туралы және оларды өзі қалай қолданып жүргенін айтты. Педагогтар нақты бір пәндерде жобаны қалай жүзеге асырып жатқандарын ортаға салды. Дауренбекова А.А. тілдік пәндерде «Зерек» жобасының «Әнмен бастап, әнмен аяқта» қағидатын және «Жіпке тіз», «Саусақ жаттығулары», «Білімпаз» тетіктерін қолданудың жолдарын көрсетті. Абдыкарина М.Ж. көз, дене жаттығуларын, артикуляциялық және тыныс алу жаттығуларын ұтымды пайдалану арқылы математика сабағын қалай түрлендіруге болатынын көрсете отырып, оқушы денсаулығына зиян келтірмей оқыту қағидатын ашты. Төлеубекова А.А. «Зерек» тетіктерін жаратылыстану сабағында «Лабиринт», «Бұл кім? Бұл не?», «Он саусақ» әдістері арқылы іске асырып жүргенін және «Көңілді үзілісті» ұйымдастыру тәжірибесін көрсеттті.
Семинар өте мазмұнды өтті.