«Зерек» педагогикалық жобасын жүзеге асыру бойынша қалалық семинардың өтілуі туралы ақпар

Дата: 2021-04-26 08:39:20
«Зерек» педагогикалық жобасын жүзеге асыру бойынша қалалық семинардың өтілуі  туралы ақпар

 22.04.2021 ж  Абай атындағы №2 мектеп-лицейі «Зерек» педагогикалық жобасын білім беру үдерісіне енгізуде жиналған іс-тәжірибемен бөлісу мақсатында қала мұғалімдері арасында есеп беру-қорытындылау семинарын өткізді. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Байтурганова М.С. лицей ұжымының жоба жүргізілген 2018 -2021 жылдар арасында атқарылған істер бойынша 3 жылдық есебін берді. «Зерек» жобасын енгізу барысындағы педагогтердің құзыреттілігін арттыру, оқушылардың  оқуға деген қызығушылығын тудыру, шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту бойынша Стамбекова Ш.Д., Кенжеханова С.Ғ., Дауренбекова А.А., Смахова Г.А., Абдыкарина М.Ж., Төлеубекова А.А., Битанова К.Ш. өз іс-тәжірибелерін ортаға салды.  Лицейдің педагогтары өз тәжірибелерінде пайдаланып, тиімділігіне көз жеткізген әдіс-тәсілдерді  іріктеп, жүйелеп  құрастырған жинақты әдістемелік көмекші құрал ретінде ұсынды. Семинар мазмұнды өтті.