Физика пәні мұғалімі Ж. Т. Рахимова "Фотоэффект. Практикалық жұмыс". тақырыбында сабақ өткізді.

Дата: 2021-04-16 08:54:38
Физика пәні мұғалімі Ж. Т. Рахимова

" Ғылым. Техника. Табиғат " атты жаратылыстану ғылымы мен үштілділіктің кіріктірілген апталығы аясында Абай атындағы №2 мектеп-лицейінде физика сабағы ағылшын тілінде өткізілді. Сабақты педагог-сарапшы Ж. Т. Рахимова "Фотоэффект. Практикалық жұмыс". тақырыбында өткізді. Сабақта оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға тапсырмалар берілді. "Домино" сияқты ойын әдістерін қолдана отырып, терминологияны игерудің тиімді жолы көрсетілді. Сонымен қатар оқушылар топтық жұмыстар орындады.