"Ұлы даланың ежелгі металлургиясы және заманауи ашылулар" виртуалды мұражайларға саяхат сабағы

Дата: 2021-04-14 17:42:08
"Ұлы даланың ежелгі металлургиясы және заманауи ашылулар" виртуалды мұражайларға  саяхат  сабағы
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «Абай атындағы
№2 мектеп – лицейі» КММ –де 2021 жылдың 14 сәуір күні  жылдық жоспарға сай    6 Ә сынып  оқушыларының қатысуымен онлайн виртуалды мұражайларға саяхат сабағы өтті. Іс-шара мақсаты: оқушыларды Ұлы даланың жеті қыры деп есептелінетін ежелгі металлургиямен таныстыру; ой-өрістерін, білімнің жан-жақтылығын дамыту; ізденушілікке, еңбектенуге тәрбиелеу. Кездесу барысында оқушылармен Мемлекет басшысы «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында қазақ жерінің металлургия пайда болған алғашқы орталықтың бірі екеніне тоқталып өттік. Оқушылардың аса қатты қызығушылықтары байқалды, берілген сқрақтарға жауап қайтарып, жұмбақ шешу, сөзжұмбақ, сипаттау сынды тапсырмаларды орындауда белсенділік танытты.