“Абай атындағы №2 мектеп-лицейі” КММ- де "МЕКТЕПТІК ПАРЛАМЕНТ" білім алушылардың өзін- өзі басқару органдарын дамыту тұжырымдамасына сай 2021 жылдың 3-12- сəуір аралығында Парламент Президентіне сайлау жүргізілді.
“Абай атындағы №2 мектеп-лицейі” КММ- де "МЕКТЕПТІК ПАРЛАМЕНТ" білім алушылардың өзін- өзі басқару органдарын дамыту тұжырымдамасына сай 2021 жылдың 3-12- сəуір аралығында Парламент Президентіне сайлау жүргізілді. Парламент Президентіне лицейіміздің 8-10- сынып оқушылары үміткер ретінде бағдарламаларын жасап, кандидатураларын ұсынды. Мектеп Президенттігіне үміткерлердің ішінен 4 кандидаттың бағдарламасы жақсы деп танылып, сайлауға түсті. Олар: 8 А сынып оқушысы: Мұратқан Ақерке, 9 А сынып оқушысы: Алгамжанов Мейіржан, 9 Ә сынып оқушысы: Аукенова Алиша, 9 В сынып оқушысы: Аманболды Күміс. Осыған байланысты 1- қабатта сайлау жәшігі орналастырылды және ақпараттық стендісіне кандидаттардың бағдарламалары ілінді. Оқушылар өз таңдауларын жасап, сайлау жәшігіне кімге дауыс беретіндерін белгілеп салды. Онлайнда отырған оқушылар дауысын онлайн түрде берді. Ол үшін аға тәлімгердің номеріне оқушы өзінің аты-жөні мен сыныбын жазып қай кандидатқа дауыс беретінін жазып жіберді. Сынып оқушылары кандидаттарға дауыс беріп, белсенділік танытты. Сайлау қорытындысы 2021 жылдың 13 сəуір күні аяқталып, нəтижесінде 8 А сынып оқушысы: Мұратқан Ақерке 23 дауыс, 9 А сынып оқушысы: Алгамжанов Мейіржан 40 дауыс, 9 Ә сынып оқушысы: Аукенова Алиша 28 дауыс, 9 В сынып оқушысы: Аманболды Күміс 20 дауыс жинады. Қорытындылай келе, кандидаттардың арасынан көп дауыс жинаған Алгамжанов Мейіржан “МЕКТЕПТІК ПАРЛАМЕНТТІҢ” ПРЕЗИДЕНТІ болып сайланды. Қалған үміткерлер фракция жетекшісі ретінде тағайындалды.