Размер шрифта:

1 наурыз – «Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні» мерекесіне орай өткізілген іс - шаралар туралы ақпар

Дата: 2021-03-13 09:14:17
1 наурыз – «Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс  күні» мерекесіне орай өткізілген іс - шаралар туралы ақпар
1 наурыз – «Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс  күні» мерекесіне орай өткізілген іс - шаралар туралы ақпар
 
«Дүниежүзілік Азаматтық Қорғаныс  күні» мерекесіне орай 2021 жылдың 1 наурызынан бастап  мектепішілік жоспар жасалып бекітілді. Мектеп – лицейдің алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі Е.Е.Избасаров «Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс  күні»  насихат стендісін рәсімдеп, оқушыларға Азаматтық қорғаныс туралы   түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 
Лицейішілік жоспарға сай  2021 жылдың 3 наурыз күні 9-11- сыныптарда «Өрт қауіпсіздігі» тақырыбында  сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарының мақсаты: өрт шығуының себептері, өрттің алдын алу қауіпсіздігі,  өрттерді сөндірудің негізгі құралдары  жайлы  түсініктер беріп, балалардың өрт қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін қалыптастырып, қауіп төнген кезде өздерін қорғай білуге машықтандыру болып табылады.
АӘТД пәні мұғалімі Е.Е.Избасаров  2021 жылдың 4 наурызы күні 10-сыныптарда АҚ «Химиялық қару» тақырыбында  бейне сабақтар, ал 2021 жылдың 5 наурыз күні 11-сыныптарда  АҚ «Экологиялық қауіпсіздік»  тақырыбында бейне сабақтар  өткізді. 
2021 жылдың 9 наурыз күні кезекші  сыныптарда газ қағардың арналуымен таныстыру , кию әдісін көрсету бойынша оқушыларға  газ тұмылдырықты, респираторды, зақымдалған адамға газ тұмылдырықты кигізуді, дәкеден байлам әзірлеу және киюді, жалпы әскери қорғаныс толымын киюді үйрету  барысында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
2021 жылдың 9 наурыз күні мектеп медбикесі А.А.Шармухамбетова мен АӘТД пәні мұғалімі Е.Е.Избасаров «Төтенше жағдайлардағы алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдері»  бойынша сабақтар жүргізді.