"Саралау тәсілдерін тиімді жоспарлау" тақырыбында жас мамандарға вебинар

Дата: 2021-03-01 09:32:52

27.02 күні Абай атындағы №2 мектеп-лицейінде жас мамандарды қолдау, әдістемелік көмек беру мақсатында тәлімгер, педагог-зерттеуші мұғалім Қуанышбекова Ж.Қ. "Саралау тәсілдерін тиімді жоспарлау" тақырыбында жас мамандарға вебинар өткізді. Жас мамандарға саралау тәсілінің түрлері, оларды сабақ үрдісінде жүйелі қолданысы туралы мазмұнды ақпараттар берілді. Сабақты талдау ерекшілігі, сабақ мақсатының дұрыс құрылуы туралы презентациялар көрсетілді. Вебинар соңында жас мамандар рефлексия жасады. Әдістемелік құнды мәліметтермен кәсіби біліктіліктерін толықтырды.