«Жаңашылдыққа ұмтылыс – бастауыш сыныптан»

Дата: 2021-02-27 14:21:05
«Жаңашылдыққа ұмтылыс – бастауыш сыныптан»

"Балқаш қаласы Абай атындағы №2 мектеп-лицей" КММ-де «Жаңашылдыққа ұмтылыс – бастауыш сыныптан» атты онкүндік іс- шарасында  оқушыларды  кітапқа деген құрметпен сүйіспеншілікті қалыптастыру, кітапқұмарлылыққа тәрбиелеу, кітап оқуға тарту мақсатында  «Сүйікті, қызықты менің кітабым» тақырыбында 1-сыныптар арасында сурет конкурсы  өтті. Оқушылардан оқыған кітаптары туралы өз пікірлерін ортаға сала отырып, біршама сұрақтар төңірегінде жауаптар алынды және өздеріне ұнаған кітаптары, кейіпкерлері суреттерін салу ұсынылды. Оқушылар өз сүйікті кітаптарының суретін салуда өте белсенді қатысты. Белсенді қатысқан оқушылар  марапатталды.