«Жаңашылдыққа ұмтылыс-бастауыш сыныптан»

Дата: 2021-02-25 21:22:57
«Жаңашылдыққа ұмтылыс-бастауыш сыныптан»

Бастауыш сыныптың «Жаңашылдыққа ұмтылыс-бастауыш сыныптан» атты 15.02-26.02 онкүндігі аясында ақпанның 25.02.21 жұлдызы күні бастауыш сынып мұғалімі Казакбаева Айнур Толеугалиевна «Бастауыш сыныпта оқушылардың тілдік қорын дамытуда тиімді әдістерді айқындау» тақырыбында воркшоп өткізді. Воркшоп барысында бастауыш сынып мұғалімі оқушылардың ойлау дағдылары мен есте сақтау қабілеттерін жетілдіре отырып, қазақ тілінде еркін сөйлеу дәрежесін көтеру мақсатында өзінің оқушылармен жүргізіп жүргізген заманауи тиімді әдістерімен бөлісті. «Әліпби», «Дилогқа түс», «Өлеңді қарасөзге айналдыр» (Ауызша және жазбаша сөйлеу тәсілі), «Тізбектеп сөйлету», «Суретті сөйлет», «Мақалдың мағынасын аш» сынды әдістерін бейнебаянға жинақтап, ортаға салды.Осы әдістер арқылы оқушылардың сөздік қорының артып, әрі сол сөздік қорларын пайдалана отырып, сөйлем құрауына, эссе жазуына, шығармашылық жұмыстар барысында еркін қолданысқа түсетіндігін айтып жеткізді.