«Абай атындағы № 2 мектеп-лицейі» КММ 2020 жылғы 1 қаңтары мен 31 желтоқсаны аралығындағы мемлекеттік қызмет көрсету есебі.

Дата: 2021-02-16 08:31:21

2020 жылдың  01 қаңтары мен 31 желтоқсаны аралығында.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығына сәйкес «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқуға қабылдаудың үлгілік ережелерін бекіту туралы».

Мемлекеттік қызметтер көрсету:

  1. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» (жауапты – хатшы З.С.Джексембаева);
  2. «Негізгі орта, жалпы орта білім беретін ұйымдар арасында балалар ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»(жауапты – хатшы З.С.Джексембаева);
  3. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» (жауапты – директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.С.Мейрбекова);
  4. «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» (жауапты - директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.С.Мейрбекова);
  5. «Жалпы білім беретін мектептердегі оқушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын ақысыз және жеңілдетілген тамақпен қамтамасыз ету» (жауапты – әлеуметтік педагог Ә.Р.Төретай);
  6. «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»(жауапты – әдіскер А.С.Камзабекова);
  7. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізуге құжаттар қабылдау»(жауапты – директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ш.Т.Жаксыгелдина).

2020 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны 318 болды, оның 121 электронды, 197 қағаз түрінде болды.

1) «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» бойынша – 106 оқушы қабылданды, оның ішінде электронды – 87, қағаз жүзінде – 19.

2) «Негізгі орта, жалпы орта білім беретін ұйымдар арасында балалар ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау» бойынша –36 оқушы қабылданды, оның ішінде электронды – 34, қағаз жүзінде – 2.  

3) «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» бойынша - 4 оқушы үйде ақысыз білім алуға қабылданды, оның ішінде электронды – 0, қағаз жүзінде – 4.

4) «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» бойынша – 1 дубликат берілді, оның ішінде электронды – 0, қағаз жүзінде – 1. 

5) «Жалпы білім беретін мектептердегі оқушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын ақысыз және жеңілдетілген тамақпен қамтамасыз ету» бойынша – 77 оқушы қамтамасыз етілді, оның ішінде электронды – 0, қағаз жүзінде – 77; Көпбалалы отбасынан шыққан бастауыш сыныптары бойынша – 48 оқушы қамтамасыз етілді, оның ішінде электронды – 0, қағаз жүзінде – 48.  

6) «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» бойынша – 34 бала қабылданды, оның ішінде электронды – 34, қағаз жүзінде – 0.

7) «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізуге құжаттар қабылдау» бойынша – 12 мұғалім тапсырды, оның ішінде электронды – 0, қағаз жүзінде – 12.

 

 

 

 

 

 

Орындаған: З.С.Джексембаева

Тел: 4-10-17