Жол қауіпсіздігі ережелері бойынша саптық жиын
Дата: 2021-02-08 17:13:21
Жол қауіпсіздігі ережелері бойынша саптық жиын Балқаш қаласы білім бөлімінің «Абай атындағы №2 мектеп- лицейі» КММ - нің жылдық жоспарына сәйкес 2 А сыныбының оқушылары «ЖҚЕ. Мектепке жол» тақырыбында, 6 А сыныбының оқушылары «ЖҚЕ. Әртүрлі жарақаттар кезіндегі алғашқы медициналық көмек» тақырыбында оқушыларға жол қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру мақсатында саптық жиын өткізді. Мақсаты: 1.Оқушылардың жолда жүру ережесін меңгеру дағдысын қалыптастыру. 2.Көшедегі әдептілік, мәдени қарым-қатынас дегеннің не екенінен хабардар ету. 3.Адами ізгілікке,әдептілікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу.