#Readingtime #Ireadtoo,youreadtoo!

Дата: 2021-01-30 12:25:53
#Readingtime #Ireadtoo,youreadtoo!

2021 жылдың 30 қаңтар күні "Балқаш қаласы Абай атындағы №2 мектеп-лицейі" КММ-нің сынып жетекшілері  қалалық " Мен оқимын, сен де оқы!" READING TIME жобасы аясында  ZOOM платформасы арқылы 30 минуттық кітап оқу сағатын  ұйымдастырды. Аталмыш оқу сағатына 2-11- сыныптың оқушылары белсене атсалысты. Олар С. Шаймерденовтың "Оқығанның көзі ашық" әңгімесін, А.Аманжоловтың "Әке тәлімі", Т.Жұртпайдың "Болашақтың бәйтерегі", А.Баймухаметовтың"Көше балалары",  "Шал мен бала", "Бұлбұл құс" ертегілерін, туған жер, атақты адамдардың өмірі туралы көркем шығармаларды оқыды. Кітап оқу сағатына 16 сыныптан 187оқушы  қатысты.