«Алтын жүрек анамыз» атты мәнерлеп оқу сайысы

Дата: 2021-01-29 19:21:08
«Алтын  жүрек  анамыз» атты мәнерлеп оқу сайысы

«Алтын жүрек анамыз» атты мәнерлеп оқу сайысы 2021 жылдың 28 қаңтар күні «Балқаш қаласы Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ-нің 5 Ә сынып жетекшісі Р.Н. Наскенова мен өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі А. К. Галиеваның ұйымдастыруымен «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігі аясында «Алтын жүрек анамыз» атты 5-сынып оқушыларының қатысуымен мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Сайысқа оқушылар белсенділікпен қатысып, нәтижесінде 5 Ә сынып оқушысы Токитай Бауыржан және 5 Б сынып оқушысы Аманов Нұржігіт ІІІ орын иегерлері, 5 А сынып оқушысы Зәрубек Заңғар және 5 Г сынып оқушысы Кордабаев Асылбек ІІ орын иегерлері, 5 Г сынып оқушысы Бахашбай Айдана және 5 А сынып оқушысы Саттибай Тоғжан І орын иегерлері атанды.