2021 жылдың 25 қаңтар күні «Абай атындағы №2 мектеп - лицейі» КММ-нің сынып жетекшілері жылдық жоспарға сай сынып сағаттарын өткізді.
2021 жылдың 25 қаңтар күні «Абай атындағы №2 мектеп - лицейі» КММ-нің сынып жетекшілері жылдық жоспарға сай сынып сағаттарын өткізді. 1-сыныптар: Әлеуметтік жоба. «Фейк және мен» Мақсаты: Фейк сөзінің мағынасын түсіндіру. Өтірік айтпауға, жалған сөйлемеуге, шындық пен өтірікті ажырата білуге үйрету. Өзара адал қарым қатынас жасау іскерліктерін дамыту, шыншыл, адал болуға тәрбиелеу. 2- сыныптар: «Интернет қолданушысының әліппесі» әлеуметтік жобасы Бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты оқушыларда толық ой қалыптастыру, пайдасы мен зиянын түсіндіру. Оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін жетілдіру, шығармашылыққа баулу. Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта білуге, өздерін сабырлы әрі тәртіпті болуға, басқаны тыңдай білуге тәрбиелеу. 3- сыныптар: «Интернет әлемі» әлеуметтік жобасы 4- сыныптар: «Интернет дос па әлде жау ма?» әлеуметтік жобасы Сабақтың мақсаты: Интернеттің пайда болу тарихы мен Қазақстанда пайда болу тарихы туралы мағұлмат беріп, білімдерін кеңейту. Оқушылар мен ғаламтор туралы пікір талас өткізіп, өз ойларын дәлелдеп қорғай білуге тәрбиелеу. Ғаламторды пайдалану ережелерімен таныстырып, ғаламтордың пайдасы мен зиянын түсіндіру. Өмірде ғаламторды саналы қолдануға үйрету. 5- 6- сыныптар: «Медиа және ақпараттық сауаттылық. Сетикет -интернеттегі мінез -құлық ережелері» Мақсаты: Бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты оқушылардың білімдерін нығайту, тиянақтау; Оқушылардың интернет туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру; Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта біліп, сахнада өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ескеріп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу; 10- сыныптар: «Медиа сауатты болу деген не?» Мақсаты:Медиа сауттылықтың не екенін көрсету және маңызын түсіндіру. 11-сыныптар: «Виртуалды кеңістік және денсаулық»