«Айналамыздағы математика» математикалық сауаттылығы апталығына сай өткізілген сынып сағаттары

Дата: 2021-01-25 20:37:18
«Айналамыздағы  математика»  математикалық сауаттылығы апталығына сай өткізілген сынып сағаттары

«Айналамыздағы математика» математикалық сауаттылығы апталығына сай өткізілген сынып сағаттары «Айналамыздағы математика» тақырыбындағы математикалық сауаттылығы апталығына сай 2021 жылдың 25 қаңтар күні 7-сыныптарда «Математика адам өмірінде» ақпараттық сынып сағаты, 9-сыныптарда «Өмірде сандарды қалай дұрыс қолданамыз?» тақырыбында сынып сағаты, 8-сыныптарда «Отбасылық бюджет қалай басқарылады?» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарында математиканың нақты ғылымдар саласында алатын орны орасан зор екендігі, математика – ғылымдардың іргетасы, математикасыз физика, химия, тіптен биология салаларын елестету мүмкін еместігі жөнінде ақпараттар айтылды. Сонымен қоса оқушыларға сандар сырын аштыра отырып, оқушылардың танымдық ой-өрісін кеңейту, салт-дәстүрлік ғибраттар сырына қанықтыру, халқымыздың қалыптасқан қасиетті ұғымдардың тәрбиелік мәнін ұғындыру мақсатында көптеген мәліметтер берілді.