Ашық сабақ

Дата: 2021-01-25 20:13:05
Ашық сабақ

Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында «Казақмыс» жобасы аясында  «Балқаш қаласы Абай атындағы №2 мектеп-лицейінің » мұғалімі Қайырқұл Азамат Мұратбекұлы 4-сыныпта қазақ тілі пәнінен «Ілік септігі» тақырыбында онлайн сабақ өткізді. Сабаққа ПШО маманы Хабат Мәдениет және қалалық  білім бөлімінің әдіскері Айтжанова Ж.А. қатысты. Сабаққа Хабат Мәдениет  пен Айтжанова Ж.А.  жақсы бағасын берді. Жас маманның АКТ меңгеруі өте жақсы деңгейде екені және білім алушылардың да білім алу платформаларын жақсы меңгеріп отырғаны баса айтылды. Жас маман болғанына қарамастан Азамат Мұратбекұлы көп ізденеді, сабақ мақсатына жету үшін алынған тапсырмалары дұрыс таңдалған. Оқушылар  зерттеу әрекетімен таныс деген қорытынды жасалды.

Болашақта педагог көп үміт күттіретінін де атап өтті.