« XXI ғасыр – сауатты ұрпақ ғасыры!» оқу сауаттылығы апталығы аясындағы «KitapFest» кітап фестивалі

Дата: 2021-01-23 16:24:44
« XXI ғасыр – сауатты ұрпақ ғасыры!»  оқу сауаттылығы апталығы аясындағы  «KitapFest»   кітап фестивалі
    «Абай атындағы №2 мектеп лицейі» КММ-нің 10 Ә сынып жетекшісі С.М.Мусинаның ұйымдастыруымен  « XXI ғасыр – сауатты ұрпақ ғасыры!»  оқу сауаттылығы апталығы аясында  10-11 сынып оқушыларының қатысуымен «KitapFest»   кітап фестивалі өтті. Шараның басты мақсаты – қазақ әдебиетінің қызықты туындыларын таныстыру, оқушылардың кітапқа қызығушылығын арттыру. Іс-шара барысында кітап оқудың адам өміріндегі маңызы туралы, олардың оқырман қауымға пайдасы туралы айтылды. Ең бастысы, одан әсер алу, тағлым түю. Жақсы кітаптың жанға рухани азық болар қасиетін сезіну. Іс-шара соңында оқушылардың ой-өрісін арттыру мақсатында танымдық сұрақтар қойылды. Кітап фестивалінде жоғарғы сынып оқушылары белсенділік танытты.