«Өнегелі өмір» жобасы аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің биология ғылымдарының докторы, профессор Қуандық Әбенұлы Сапаровпен “ Балқаш өңірінің қазіргі экологиялық жағдайы” тақырыбында онлайн кездесу

Дата: 2021-01-18 14:48:52
«Өнегелі өмір» жобасы аясында  Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің биология ғылымдарының докторы, профессор Қуандық Әбенұлы Сапаровпен  “ Балқаш өңірінің қазіргі экологиялық жағдайы” тақырыбында онлайн кездесу

16 қаңтар күні «Балқаш қаласы білім бөлімінің Абай атындағы №2 мектеп-лицей»КММ-де биология пәні мұғалімі Р.Н.Наскенованың ұйымдастыруымен «Өнегелі өмір» жобасы аясында  Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің биология ғылымдарының докторы, профессор Қуандық Әбенұлы Сапаровпен  “ Балқаш өңірінің қазіргі экологиялық жағдайы” тақырыбында онлайн кездесу өткізілді. Онлайн кездесу барысында Қазақстан бойынша өзекті мәселелердің бірі - Балқаш өңірінің экологиясы  жайлы сөз қозғалды. Балқаш қаласының экологиялық жағдайы жайлы ақпар беріліп,оқушылар сұрақтар қойып,белсене қатысты.

Жобаның мақсаты :

  •    Мектеп оқушылары мен жетістік пен табысқа жеткен жерлестерімен кездесулерін ұйымдастыру. 
  • Жетістік пен табысқа жеткен тұлғалардың істәжірибесімен, бейнесімен танысу арқылы жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру;
  •   Өмірге дайындау, қоғамда, өмірде өз орындарын таба білуге баулу және кәсіби бағдарлау.