2021жылдың 16 қаңтар күні "Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицей-мектебі" КММ-нің оқушылары қалалық " Мен оқимын, сен де оқы!" READING TIME жобасын қолдай отырып, ZOOM платформасы арқылы 30 минуттық кітап оқу сағатын өткізді.

Дата: 2021-01-16 19:17:38
2021жылдың 16 қаңтар күні

  2021жылдың 16 қаңтар күні "Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицей-мектебі" КММ-нің оқушылары қалалық " Мен оқимын, сен де оқы!" READING TIME жобасын қолдай отырып, ZOOM платформасы арқылы 30 минуттық кітап оқу сағатын өткізді. Аталмыш оқу сағатына 2-11 сыныптың оқушылары белсене атсалысты. Олар Абайдың шығармаларын, Ғ. Мүсіреповтың "Ұлпан", Ә. Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар», Ы. Алтынсариннің " Әке мен бала", С.Сейфуллиннің "Тар жол,тайғақ кешу", М.Мақатаевтың ,Ф.Оңғарсынованың өлеңдерін, Б.Соқпақбаевтың "Менің атым Қожа", Е.Өтетілеуұлының "Бірлік" мәтінін, І.Жансүгіровтың "Құлагер" поэмасын және т.б. әдеби шығармаларды оқып, талдау жұмыстарын жүргізді. Лицейден барлығы 341 оқушы, 29 сынып қатысты.