«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесі аясында

Дата: 2020-12-16 11:29:27
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесі  аясында

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні – тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Біздің тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихындағы барлық жетістіктері, қазақ халқының егеменді заманда жаңаша ерекше өрлеуі, өркендеуі, рухани-экономикалық еркіндігіміз, әлемдік қоғамдастық пен дүние жүзінің дамыған озық мемлекеттерімен тереземіз тең, дәулетті елдермен бірдей қарым-қатынас жасау жетістіктеріміздің барлығының алтын бастауы – біздің мемлекеттің Тәуелсіздігінде. ​«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесі аясында 04.12.2020 -14.12.2020 ж. аралығында «Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицей» КММ-де іс-шаралар өтті.