Қарағанды облысы бойынша қарастырылған жалпы ұлттық жобасының координаторы, «Жастар лидері 2019» Өркен байқауының иегері, «Жыл волонтері 2020» халықаралық байқауының иегері Темірғали Маржан Мырзағалиқызының қатысуымен 7-8 сыныптар оқушыларымен зуум платфо

Дата: 2020-12-15 15:56:50
Қарағанды облысы бойынша қарастырылған жалпы ұлттық жобасының координаторы, «Жастар лидері 2019» Өркен байқауының иегері, «Жыл волонтері 2020» халықаралық байқауының иегері Темірғали Маржан Мырзағалиқызының қатысуымен 7-8 сыныптар оқушыларымен зуум платфо

   2020 жылдың 15 желтоқсан күні «Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицей» КММ- нің Аға тәлімгері  Исагужанова Әнел Қуатқызы ұйымдастыруымен  «Өнегелі өмір» жобасы аясында  "Балқаш қаласының білім бөлімі", "Оқушылар сарайы "  «One pawer» волонтер клубының жетекшісі, «Birgemiz bilim» Қарағанды облысы бойынша қарастырылған жалпы ұлттық жобасының координаторы, «Жастар лидері 2019» Өркен байқауының иегері, «Жыл волонтері 2020» халықаралық байқауының иегері Темірғали Маржан Мырзағалиқызының қатысуымен 7-8 сыныптар оқушыларымен зуум платформасы арқылы онлайн кездесу өтті. Кездесудің мақсаты: еліміздің өнер саласының дамуына зор үлес қосып жүрген жерлесіміздің жетістік пен табысқа жетуінің іс- тәжірибесімен, бейнесімен таныса отырып,  аға буынның тағылымды жолын үлгі ету, оқушылардың  жанына жақын мамандығын, кәсібін табуына ықпал ету және табысқа жеткен  тұлғалардың көмегімен бағыт – бағдар беру. Кездесу барысында Маржан Мырзағалиқызы өмірде өз орнын табудағы алдыға қойған мақсаттары мен нәтижеге жетуі үшін жасаған іс – әрекеттері туралы сөз қозғап, қойылған сұрақтарға жауап берді. Бұл сұхбат лицей оқушыларының өз өмірінің дизайнын жасап, ерте жастан мамандығын таңдап, үлкен өмірге икемделуіне әсерін тигізері сөзсіз.