«Мен оқимын, сен де оқы!» READING TIME жобасы аясындағы кітап оқу сағаты

Дата: 2020-12-14 16:26:24
«Мен оқимын, сен де оқы!» READING  TIME жобасы аясындағы кітап оқу сағаты

2020 жылдың 12 желтоқсан күні «Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицей» КММ- нің оқушылары ата- аналарымен бірге  қалалық «Мен оқимын, сен де оқы!» READING  TIME жобасын қолдай отырып, ZOOM платформасы арқылы 30 минуттық кітап оқу сағатын өткізді. Оқу сағатына әр сыныптың оқушылары белсенділік таныта отырып қатысып,  әр оқушы оқып жатқан кітаптары туралы үзінділерін айтып, қызықты мәліметтері, кейіпкерлері туралы ой бөлісті.