"Аясында тәуелсіздік туының, Қазақстан биік болсын тұғырың" атты интеллектуалды- танымдық сағаты

Дата: 2020-12-11 19:29:03

"Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицей"КММ-де 11 желтоқсан күні "Тәуелсіздік күніне" арналған іс-шаралар жоспары бойынша 3В сынып жетекшісі Ж.А.Амантаева мен 7Ә сынып жетекшісі Б.Т.Әлжанның ұйымдастыруымен "Аясында тәуелсіздік туының, Қазақстан биік болсын тұғырың" атты интеллектуалды- танымдық сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушыларды туған жерін, елін, Отанын сүюге патриоттық тәрбие беру. Оқушыларға Тәуелсіздіктің қандай ауыртпалықпен келгендігі жайлы айтып, ұлттық сезім, ұлттық мақтаныш, ұлттық сана, ұлттық парызды әрбір қазақ баласының бойына дарыту.