Волонтерлікті кеңейту

Дата: 2020-12-10 14:48:00
Волонтерлікті кеңейту

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2020 жыл Волонтер жылы деп жарияланды. Президенттің қатысуымен «Birgemiz» атты республикалық Волонтерлер фронт-офисінің ашылу рәсімі жүргізілді. Соған орай «Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицей» КММ-де «Мейірім» атты волонтер клубы ашылды. Əр-бір жеке тұлға өз уақытын, дарынын жəне күш қуатын ешқандай сыйақы күтпестен жеке жəне ұжымдық акциялар арқылы басқа адамдарға арнауына мүмкіндік жасап. Əркім өзіндегі үздік қасиеттерді ашып көрсетуіне мүмкіндік беріп, жастар ұжымын қайырымдылық жасауға жұмылдырды. Жыл бойы лицей волонтерлері өткізілген іс-шаралар мен акцияларға қатысып лицейді, қаланы дамытуға үлкен үлестерін қосты. Жылда істеген бар жұмыстарын қорытындылап видеоролик дайындалды.