"Ауылым алтын бесігім" презентация байқауы

Дата: 2020-12-03 16:28:55

   «Рухани  жаңғыру»  бағдарламасы аясында құрылған  «Рухани жаңғыру»  жобасын іске асыру мақсатында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы бөлімі аясында 3 желтоқсан күні  «Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицей» КММ- нің 5-6 сынып оқушылары  арасында «Ауылдағы екі апта» әлеуметтік жобасының жетекшісі А.М.Тускееваның ұйымдастыруымен "Ауылым алтын бесігім" тақырыбында презентация байқауы ZOOM  платформасы арқылы  өткізілді. Оқушылар өз жұмыстарында күзгі демалыста ауылда атқарған жұмыстары мен ауыл көрінісі туралы қорғады. Оқушылармен кері байланыс жасалды. Сұрақтар қойылды. 6Б сынып оқушысы Қайроллақызы Шұғыла мен 6В сынып оқушысы Аманболды Таңжарықтың жұмыстары ерекше көзге түсті.  Байқауға қатысқан оқушылар мен ата-аналарына алғыс білдіреміз.