Размер шрифта:

2020 жылдың 25-ші қарашасы күні лицейдің 8-9 сынып оқушыларының қыз балаларына арналып ұйымдастырылған лицей психологы және тәжірибелі акушер-гинеколог Сламбекова Айгерим Сатимбекқызымен кездесу өткізілді.

Дата: 2020-11-26 08:57:01
2020 жылдың  25-ші қарашасы күні лицейдің 8-9 сынып оқушыларының қыз балаларына арналып ұйымдастырылған лицей психологы және тәжірибелі  акушер-гинеколог  Сламбекова Айгерим Сатимбекқызымен кездесу өткізілді.
 
«Қызға қырық үйден тыю»  демекші, дәрігер маман қыз балаларға ең алдымен  рухани-адамгершілік тәрбиені алға қою қажет екендігін айтып, қыз баланың денінің саулығын қамтамасыз ету жолдары бойынша кеңес берді. Сонымен қоса ерте жүктіліктің жас қыз ағзасына қалай әсер ететіндігі жайында қызметтік тәжірибесімен бөлісті. Кездесу соңына қарай оқушылар дәрігер маманға сұрақтар қойып жауап алды.