2020 жылдың 25 қараша күні «Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицей» КММ- нің музыка пәні мұғалімдері Ж.Е.Еркинова мен Ә.М.Өмірханның ұйымдастыруымен «Өнегелі өмір» жобасы аясында Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжі директорының оқу-т

Дата: 2020-11-25 16:45:59
2020 жылдың 25 қараша күні   «Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицей»  КММ- нің музыка пәні мұғалімдері Ж.Е.Еркинова мен Ә.М.Өмірханның ұйымдастыруымен «Өнегелі өмір» жобасы аясында  Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжі директорының оқу-т
2020 жылдың 25 қараша күні   «Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицей»  КММ- нің музыка пәні мұғалімдері Ж.Е.Еркинова мен Ә.М.Өмірханның ұйымдастыруымен «Өнегелі өмір» жобасы аясында  Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжі директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Д Әбдіровпен ZOOM арқылы онлайн кездесу өткізді. Кездесуге лицей мұғалімдері,  8-9 сынып оқушылары, қаламыздың  №17 және №24 мектептің музыка пәні мұғалімдері, «Жұлдыз»  балабақшасының музыка жетекшісі, мәдениет үйінің вокал үйірмесінің оқушылары, Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінің «Музыкалық білім беру» бөлімінің оқытушысы А.Е.Кажикаримова МО-19-9 тобымен қатысты. 
Сұхбатта Жұмагелді Даулетбекұлының өміріндегі қызықты оқиғалары, бала күнгі армандары, қалай білім алғаны, өнер жолына қалай келгені, отбасын,жанындағы жақындарын  қаншалықты бағалайтыны, ұстаздық еңбегімен, шәкірттерімен қаншалықты мақтанатыны жайлы айтылып өтті. 
Онлайн кездесу барысында лицейдің музыка пәні мұғалімі Әділет Манерханұлы  әр тақырыптағы  сұрақтар қойып сұхбатты одан әрі өрбіте түсті. Оқушылар мен студенттер де  мамандық таңдау барысындағы  көкейде жүрген сұрақтарын қойып, өмірде, өнерде табысқа жетудегі қыр- сырлары туралы сұрақтарын қойып, сұхбаттың шырайын келтірді. 
Сұхбат өте жақсы деңгейде өтті. Жастарға жақсы тәрбие, өнеге болатындай, осындай Жұмагелді Дәлетбекұлы сияқты ұстазға қарап бой түзеуге болатындай шырайлы сұхбат болды. Ұйымдастырушы ұстаздарға рахмет!