Размер шрифта:

«20 қараша – Дүниежүзілік балалар күні» сыныптан тыс іс- шаралар

Дата: 2020-11-21 09:44:31
«20 қараша – Дүниежүзілік балалар күні» сыныптан тыс іс- шаралар

«20 қараша – Дүниежүзілік балалар күні» сыныптан тыс іс- шаралар «20 қараша – Дүниежүзілік балалар күні» мерекесіне орай 2020 жылдың 20 қараша күні «Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицей» КММ-де бірнеше іс- шаралар өткізілді. 1 В сынып жетекшісі Ш.Д.Стамбекова өз сыныбындағы оқушылармен «Барлық әлем мен үшін» тақырыбында сынып сағатын өткізіп, бүгінгі күннің маңыздылығы, неліктен атаулы мереке екендігіне тоқтала отырып, кішкентай балалардың да өз құқықтары бар екендігін түсіндіріп өтті.

  

5 В сынып жетекшісі Л.М.Байжуманова «Балауса балғын балалық шақ» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Мақсаты: Оқушыларды өз құқықтарын қорғай білуге үйрету; адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу; оқушылардың ойлау, тыңдау, өз ойларын еркін жеткізе алу мәдениетін дамыту, шығармашылық қабілеттерін шыңдау.

 

8 В сынып жетекшісі А.М.Тускеева «20 қараша – бұл Дүниежүзілік балалардың құқығын қорғау күні» тақырыбында 8- сынып оқушыларымен зуум арқылы онлайн дөңгелек үстел өткізді. Мақсаты: Адам құқықтарын сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға дайындық қабілеттілігін қалыптастыру. Оқушыларға адам құқығы, бала құқығы, құқықты алаң, оқушының құқығы мен міндеті ұғымдарын меңгерту, проблемалық жағдаяттарды құқықтық тәсілмен шешуге үйрету.

  

10 А сынып жетекшісі Н.А.Коккозованың басшылығымен 10 А сынып оқушылары «Барлық әлем мен үшін» тақырыбында танымдық сағатын өткізді. Мақсаты: Оқушыларға құқықтық білімнің негізін түсіндіру, жас балалар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, адамзат құндылығын, жеке бас бостандығын сыйлауға, өз құқықтары мен міндеттерін білуге тәрбиелеу.