Размер шрифта:

Өнегелі өмір жобасы аясында кездесу

Дата: 2020-11-20 15:33:36
Өнегелі өмір жобасы аясында кездесу
2020 жылдың 20 қарашасында Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицейде «Өнегелі өмір» жобасы аясында, оқушыларға кәсіптік бағдар беру мақсатымен 8-9 сынып оқушыларымен кездесу өткізілді. Кездесуге Балқаш қалалық мәслихаттының депутаты, "Нұр  Отан" партиясының мүшесі,  Балқаш қаласының медициналық колледжі директоры  Пшенбаев  Серик Рамазанович қатысып, өнегелі өмірімен, кәсіби тәжірибесімен бөлісті. 
Серик Рамазанович оқушыларға мамандық таңдауда негізге алуға тиіс мәселелерді, мамандықты мектеп жасында ерте таңдаудың аса маңыздылығын және кез-келген кәсіпте жан-жақтылық, білімділік қажет екендігін баса айтты. Әр тұлға өзі үшін ғана емес, халқы  үшін қызмет етіп, елі үшін еңбек етуді  мақсат етіп, жүзеге асыруға ұмтылуы тиіс деп өскелең ұрпақты қоғамдық іс-шараларға араласуға шақырды.   
Қаламыздың қоғамдық өмірі мен медицина саласының дасмуына адал еңбегімен зор үлес қосқан  өнегелі тұлғамен өткізілген кездесуде оқушылар құнды ақпарат алып, Серик Рамазанұлына  алғыстарын білдірді.