«Денсаулығыңды жастайыңнан сақта» практикум
Дата: 2020-11-06 20:45:04
«Денсаулығыңды жастайыңнан сақта» практикум 2020 жылдың 6 қараша күні «Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицей» КММ- де Дүниежүзілік балалар күніне арналған «Бала құқығы – адам құқығы» тақырыбындағы іс-шаралар жоспарына сай лицей медбикесі Шармуханбетова Айжан Аргыновна 5- 6 сынып оқушыларымен ZOOM платформасы арқылы «Денсаулығыңды жастайыңнан сақта» тақырыбында практикум өткізді. Практикумда оқушыларға дұрыс тамақтану, уақытында демалу, спортпен шұғылдану, яғни, адам денсаулығын сақтау үшін пайдалы істер мен кеңестер туралы айтылды.