«Мен өз құқығымды саламын» суреттер байқауы

Дата: 2020-11-04 11:58:22
«Мен өз құқығымды саламын» суреттер байқауы

  2020 жылдың 3 қараша күні «Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицей» КММ- нің бастауыш сынып мұғалімі К.Ш.Битанованың ұйымдастыруымен Дүниежүзілік балалар күніне арналған  «Бала құқығы – адам құқығы» тақырыбындағы  іс-шаралар жоспарына сай 1-4- сыныптар арасында  «Мен өз құқығымды саламын» суреттер байқауы өтті. Байқауға лицей оқушылары белсенділік таныта отырып қатысып, нәтижесінде 3 А сынып оқушысы Рахимова Ельназ, 4 Ә сынып оқушысы Мұрсал Бақытнұр,  4А сынып оқушысы Салық Диана 3- орынды, 1Ә сынып оқушысы Сәбит Айтуған, 2  Г сынып оқушысы Мұрат Ерзат, 2 Ә сынып оқушысы Қонысбай Аягөз 2- орынды иеленсе, 1А сынып оқушысы Мұздыбек Расул мен 2А сынып оқушысы Берікбай Кәусар жүлделі 1-орнды иеленді. Қалған қатысушыларды да қатысқандары  үшін марапаттайды. Белсенділік танытып мектепшілік іс-шараларға қатыстырған сынып жетекшілер мен ата-аналарға алғыс білдіреміз.