Қалалық ашық сабақ

Дата: 2020-10-24 20:30:43
Қалалық ашық сабақ

Облыстық "Бірге оқимыз" воркшоп жобасын іске асыру мақсатында 2020 жылдың қазан айының 23-ші жұлдызында пандемия кезіндегі қашықтықтан білім беруде тәжірибе алмасу мақсатында Ж. Б. Джабаспаеваның жоспарлы қалалық онлайн ашық сабағы өтті. Сабақ 7 «А» сыныбына «Вирусқа қарсы қауіпсіздік» тақырыбында ұйымдастырылды. Сабақ ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылды. Сабақ синхронды форматта  ZOOM-платформасы арқылы ұйымдастырылды. Сабақтың тақырыбын ашу үшін YouTube каналындағы тақырыпқа сай бейнероликтен үзінді көрсетілді. Сол бейнероликті негізге ала отырып оқушылар сабақтың тақырыбын және Smart-мақсаттарын айқындады. Қойылған мақсатқа жету үшін GoogleForm цифрлық ресурсы арқылы тапсырмалар орындалды. Әрбір іс-әрекеттен соң балалардың белсенділіктері бағаланып отырды. Сабақты аяқтау барысында «Табыс баспалдағы» арқылы оқушылардың алған білімдері жүйеленді. Оқушылардан кері байланыс алынды.