«Өнегелі өмір» жобасы

Дата: 2020-10-23 21:42:50
«Өнегелі өмір» жобасы

     2020 жылдың 23 қазан күні «Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицей» КММ- нің директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Сейткалиева Мейрамгуль Жаксылыковнаның ұйымдастыруымен  «Өнегелі өмір» жобасы аясында Нұр - Сұлтан қаласы әкімдігінің   Мемлекеттік  академиялық  филармониясының бас директоры Дакенов Ерлан Ерғазыұлымен  “МӘДЕНИЕТ -  ҰЛТТЫҢ  ТІРЕГІ, БОЛМЫСЫ  ЖӘНЕ  ЖҮРЕГІ” тақырыбында 7 Ә, 8 А сынып оқушыларымен зуум платформасы арқылы онлайн кездесу өтті. Кездесудің мақсаты: еліміздің өнер саласының дамуына зор үлес қосып жүрген жерлесіміздің жетістік пен табысқа жетуінің іс- тәжірибесімен, бейнесімен таныса отырып,  аға буынның тағылымды жолын үлгі ету, оқушылардың  жанына жақын мамандығын, кәсібін табуына ықпал ету және табысқа жеткен  тұлғалардың көмегімен бағыт – бағдар беру. Кездесу барысында Қарағанды облысынан шыққан танымал тұлға Ерлан Ерғазыұлы  өмірде өз орнын табудағы алдыға қойған мақсаттары мен нәтижеге жетуі үшін жасаған іс – әрекеттері туралы сөз қозғап, қойылған сұрақтарға жауап берді. Бұл сұхбат лицей оқушыларының өз өмірінің дизайнын жасап, ерте жастан мамандығын таңдап, үлкен өмірге икемделуіне әсерін тигізері сөзсіз.