«Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицей» КММ- де 2020 жылдың 19 қазан күні өткізілген сынып сағаттары туралы ақпар

Дата: 2020-10-19 17:42:49
«Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицей» КММ- де 2020 жылдың 19 қазан күні өткізілген сынып сағаттары туралы ақпар
   2020 жылдың 19 қазан күні «Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицей» КММ-де жылдық жоспарға сай әр сынып жетекшілері  белгіленген бағыттар бойынша сынып сағаттарын өткізді. 
1-сыныптарда адамгершілік сабағы жайында «Мейірімділік  планетасы»  тақырыбында, 2- сыныптарда  «Жақсы кітап – жан азығы» жобасы аясында Абай Құнанбаев «Жыл мезгілдері»  тақырыбында, 3-4- сыныптарда  «Адамның  рухани  байлығы»,  5-сыныптарда «Еңбек – елдің мұраты» тақырыбында кәсіптік бағдар беру  жұмысы бойынша, 6- сыныптарда  «Ұлттық дәстүрлер» тақырыбында, 7-8- сыныптарда  «Адал ұрпақ»  бағдарламасы аясында «Адал болу деген не?»  тақырыбында,  9-10-сыныптарда   «Рухани қазына» кіші бағдарламасы  аясында «Адамның рухани байлығы», «Өнегелік құндылықтар»  базалық жобасы:  ұлттың  мәдени –генетикалық  кодының негізі ретінде  адамгершілік мұраттар  тақырыбында, 11- сыныптарда «Рухани қазына» кіші бағдарламасы  жобасы бойынша туған өлкенің тарихы мен мәдениеті тақырыбында  сынып сағаттарын өткізді.