"Бір отбасы-бір кітап" облыстық акциясы

Дата: 2020-10-19 16:52:00

 Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында  " "Бір отбасы-бір кітап" облыстық акциясы және Лицейішілік "Абай-руханияттың алтын қазығы" жобасы аясында абайтанушы, ақын, аудармашы, "Серпер" сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, республикалық "Мөлдір бұлақ" журналының бас редакторы Саят Қамшыгердің қатысумен Zoom платформасында тікелей эфир арқылы 16 қазанда онлайн кездесу өтті. Кездесудің мақсаты- өскелең ұрпақты адалдыққа, рухани тәрбие беру және ойшыл Абайдың шығармашылығымен таныстыру. Абай туралы қарапайым түсінік беріп қана қоймай, оны ата-бабалар мұрасы ретінде тануға, құрметтеуге, түсінуге үйрету. Онлайн дәрісте қаламыздың ардагер ұстаздар, мектеп басшылары, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдер, ата-аналар және оқушылар қатысты.Дәріс өте мағыналы  болады. Саят Қамшыгер ағамызға ұстаздар мен ата-аналар өз алғыстарын білдірді.