«Бесаспап аспазшы» атты аспазшылар арасындағы ұлттық тағамдар бойынша сайыс

Дата: 2020-10-15 12:36:05
«Бесаспап аспазшы» атты аспазшылар арасындағы ұлттық тағамдар бойынша сайыс

«Рухани  жаңғыру»  бағдарламасы аясында құрылған  «Рухани жаңғыру»  жобасын іске асыру мақсатында  «Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицей» КММ-нің 6,7,8 - сынып оқушылары арасында «Дәстүр мен ғұрып» жобасы бөлімі «Бесаспап аспазшы» атты аспазшылар арасындағы ұлттық тағамдар бойынша сайыс ұйымдастырылды. Ұлттық тағамдар сайысының мақсаты – қыз баланы тағамдарды дайындай білу өнеріне, әсіресе қазақтың ұлттық тағамдарын дайындауға машықтандыру, ұлтымыздың әдет-ғұрпын бойларына сіңірту, патриоттық сезімдерін жоғарылату. Сайыс барысында 6В сынып оқушысы Жумабекова Аружан (ұлттық тағамдар), 7А сынып оқушылары Ердәулет Аяулым (ұлттық тағам) және  Абзалбекова Мархаббат (ши бауырсақ пісіру),   8В сынып оқушысы Қажкен Зарина (ұлттық тағам) сайыстың жүлделі орындарына ие болды.