«Қашықтан оқытуды үйренемін» курсы

Дата: 2020-08-20 18:57:56
«Қашықтан оқытуды үйренемін» курсы

11.08-14.08  күндері аралығында еліміздің барлық педагогтерін кезең-кезеңмен оқытуды қамтитын кестеге сәйкес ұйымдастырылған «Қашықтан оқытуды үйренемін» атты онлайн-курсына лицейден  75 педагог  тіркеліп,  сертификат алды. Онлайн-курс бағдарламасы интернет-сервистермен жұмыс істеу дағдыларын үйретуге бағытталған. Басты назар онлайн-сабақтарды жоспарлау мен тарату, виртуалды мұғалімдер кабинетінде жұмыс істеу, қазақстандық білім беру платформаларында оқушылармен және олардың ата-аналарымен жұмыс істеуді ұйымдастыру дағдыларына, сонымен қатар қашықтан оқыту форматының әдіснамасына, жаңа оқыту жағдайында бағалау бойынша модулдеріне бағытталды.