1мамыр - Қазақстан халықтары достығының бірлігі күні.

Date: 2020-05-04 08:48:12
   1мамыр - Қазақстан халықтары достығының бірлігі күні.

Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымаққа тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы.  Бұл күн – әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі. Мерекені   атап    өтуге  байланысты   лицейдің   барлық   оқушылары    түрлі   тапсырмалар   орындап, құттықтаулар   мен  тілектерін   видеоролик   арқылы  бір- біріне   жолдады. «Бірлігіміз жарасқан» тақырыбында  1 сынып  оқушылары  сурет  салды. «Бір  шаңырақ   астында» үш  тілде  көркемсөз  оқу видеролигі 5-8 сыныптар  арасында өткізілді. «Қазақстан – татулық   пен  бірліктің  ордасы» сынып  сағаттары, «1 мамыр –Қазақстан  халқының  бірлігі күні» тақырыбында саптық жиын өткізілді. Татулық пен келісімнің нұрына малынған 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі  құтты  болсын! 

Author: Lyceum №2