«Баланы өмірдің қиын кезеңдерінде қалай қорғауға болады?»

Дата: 2020-04-29 13:43:05
«Баланы өмірдің қиын кезеңдерінде қалай қорғауға болады?»

 

25 сәуір күні "Адал көмек" жобасы аясында инстаграм желісі арқылы «Баланы өмірдің қиын кезеңдерінде қалай қорғауға болады?» тақырыбында ата-аналармен бірге тікелей эфир өткізілді. Тікелей эфирді лицей психологы Толетаева Айсулу Аймуратқызы жүргізді. Эфирде психолог - психикалық денсаулықты күту жолдары, жасөспірімдердің бойында суицидтік мінез-құлықтың пайда болуының себептері, суицидтік мінез-құлықтың нышандары және суицидтік мінез-құлықтың алдын алу, жою шаралары бойынша ақпар берді.
Эфир соңына қарай психолог ата-аналардың қойған сұрақтарына жауап берді. Ата-аналар «Қиын жасөспіріммен қандай жұмыстар жүргізу керек?», «Тұйық баланы ашу жолдары?», «Бала агрессивті мінез-құлық таныта бастаса не істеу қажет?», «Гиперактивті баламен жүргізілетін психологиялық жұмыс түрлері?» және т.б. сұрақтар қойып, жауап алды. Бірқатар ата-аналар психологпен жеке сұхбаттасуға ниет білдірді. Кері қайтарылым барысында ата-аналар осындай іс-шараларды жиі өткізіп тұруға ұсыныс жасады.
#Балқашбілім
#Школадома
#Бізбіргеміз