ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗДАР МЕН ОҚУШЫЛАР!Мектебімізде 2026 жылғы 14–16 қазан күндері «Туған жерге – қамқорлықпен» экологиялық акциясы өтеді!

Мектебімізде 2026 жылғы 14–16 қазан күндері «Туған жерге – қамқорлықпен» экологиялық акциясы өтеді!
Акция аясында төмендегідей жұмыстар ұйымдастырылады:
1. «Қағазға екінші өмір» – макулатура жинау акциясы
Ескі кітаптар, дәптерлер және басқа да қағаз қалдықтарын жинаймыз.
Жауаптылар: кітапханашы, 1–11 сынып жетекшілері.
2. «Мейірімді қақпақ» акциясы
Пластикалық қақпақтарды жинап, қоршаған ортаны қорғауға өз үлесімізді қосамыз.
Жауаптылар: тәлімгер, мектеп Парламенті.
3. «Таза мектеп ауласы» акциясы
Мектеп ауласын тазалап, айналамызды таза әрі көрікті етеміз.
Қатысушылар: 5–11 сынып оқушылары мен мектеп ұжымы.
ҚҰРМЕТТІ СЫНЫП ЖЕТЕКШІЛЕРІ МЕН ЖАУАПТЫ ПЕДАГОГТЕР!
Әр бағыт бойынша өткізілген іс-шаралар туралы фото және бейнематериалдарды мектептің Instagram парақшасына жариялауларыңызды сұраймыз.
Жарияланған посттың сілтемесін жіберуді ұмытпаңыздар!
Құрметті оқушылар, акцияға белсенді қатысып, туған жеріміздің тазалығы мен табиғаттың қорғалуына өз үлестеріңізді қосыңыздар!