Ұстаз-басты рөлде.“Backstage”

Дата: 2026-10-07 11:31:52

Құрметті ұстаздар!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ұстаз – жас ұрпаққа білім мен тәрбие беріп қана қоймай, олардың бойындағы қабілетті ашып, өмірлік бағыт-бағдарын айқындауға ықпал ететін ерекше мамандық иесі. Білім беру үдерісіндегі ұстаздың орны әрдайым айрықша. Сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз, жауапкершіліктеріңіз бен күнделікті еңбектеріңіз – мектептің жетістігі мен оқушылардың болашағына қосылған маңызды үлес.

Бүгінгі мерекелік күн аясында мектебіміздің 11-сынып оқушылары «Дублер күнін» ұйымдастырып, ұстаздардың рөлін атқарып, оқу үдерісіне белсенді қатысты. Бұл бастама оқушыларға мұғалім еңбегінің жауапкершілігін сезінуге, ұстаз мамандығының қыр-сырын түсінуге және педагог еңбегіне деген құрметін арттыруға мүмкіндік берді.

Осы орайда, барша ұстаздарға еңбектеріңізге деген шынайы алғысымды білдіремін. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, кәсіби жетістіктер, шығармашылық шабыт және еңбектеріңіздің жемісін көруді тілеймін.

Әр шәкірттің жетістігі – сіздердің еңбектеріңіздің нәтижесі. Ұстаздық жолдағы абыройларыңыз асқақтап, еңбектеріңіз әрдайым лайықты бағалана берсін!

 

Мұғалімдер күні құтты болсын!