7 мамыр Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік іс-шара
Дата: 2026-09-17 14:55:15
Мектебімізде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Іс-шара барысында Отан қорғаудың маңызы, ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі азаматтардың жауапкершілігі туралы айтылды. Мектеп директоры барша ұстаздар мен оқушыларды айтулы мерекемен құттықтап, елжандылық пен отансүйгіштіктің маңызын атап өтті. Сонымен қатар, мектептің қоғамдық және білім беру ісіне белсенді атсалысып, өз еңбегімен үлес қосып жүрген мұғалімдерге Алғыс хаттар табысталды
. 