«Тәуелсіздік – ел тұғыры» — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған 16.09.2025 саптық жиын
Бүгін мектебімізде 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған және Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты саптық жиыны жоғары деңгейде өтті.
Іс-шара Мемлекеттік Әнұранның асқақ әуенімен басталды.
Тәуелсіздік жолында жанын пида еткен батыр бабаларымыз бен 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының ержүрек қаһармандары бір минут үнсіздікпен еске алынды.
Салтанатты жиын барысында Тәуелсіздіктің халқымыз үшін айрықша тарихи маңызы, ел ертеңі – жас ұрпақтың қолында екені айтылып, олардың елін сүйетін, білімді әрі жауапкершілігі жоғары азамат болып қалыптасуының маңызы ерекше атап өтілді.
«Жас Ұлан» ұйымының қатарына қабылданған 5-сынып оқушылары салтанатты түрде ант беріп, ұйым мүшесінің төсбелгілері мен галстуктарын тақты.
Жиын барысында мектеп директоры қатысушыларды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, білім саласында жемісті еңбек етіп жүрген мұғалімдерге марапаттар табыстады. Сонымен қатар, «Жас Ұлан» ұйымының негізгі мақсат-міндеттеріне тоқталып, жас өрендерді отансүйгіштікке, бірлік пен адалдыққа тәрбиелеудің маңызын атап өтті.
Салтанатты жиын соңында барша қатысушылар Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі – ел тарихындағы ең қастерлі құндылық екенін терең сезініп, Отанға адал қызмет етуге дайын екендіктерін білдірді.
