«Ұстазға мың алғыс!» – Мұғалімдер күніне арналған мерекелік іс-шара 04.10.2025
Құрметті ұстаздар!Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ұстаз – ұрпаққа білім беріп қана қоймай, олардың тұлға болып қалыптасуына бағыт-бағдар беретін, жүрегіне ізгілік пен білім нәрін сіңіретін қадірлі маман. Сіздердің еңбектеріңіз бен жауапкершіліктеріңіз, шәкірттерге деген жанашырлықтарыңыз – мектеп дамуының берік негізі.Жаңа білім ордасындағы алғашқы оқу жылында сіздерге шығармашылық шабыт, кәсіби жетістіктер, зор денсаулық және еңбектеріңіздің жемісін көруді тілеймін. Әр шәкірттің жетістігі сіздерге қуаныш пен мақтаныш әкелсін!
Мерекелік іс-шара барысында мектептің дамуына үлес қосып, білім беру мен тәрбие саласында белсенді еңбек етіп жүрген ұстаздарға Алғыс хаттар табысталды.Баршаңызға еңбектеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін! Ұстаздық жолдарыңыз абыройлы да жемісті болсын!
Ұстаздар күні құтты болсын!
