"1қыркүйек – Білім күні. Мектептің салтанатты ашылу рәсімі"01.09.2025
Дата: 2026-09-17 11:48:02
Қымбатты оқушылар!
Сіздерді 1 қыркүйек – Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!
Бүгін мектебіміз үшін ерекше әрі тарихи күн. Жаңа білім ордасының есігі сіздерге алғаш рет айқара ашылып, алғашқы қадамдарыңыз жаңа мектепте басталғалы отыр. Бұл мектеп сіздер үшін білім мен ізденістің, достық пен жақсы бастамалардың мекеніне айналсын!
Жаңа оқу жылында әрқайсыңызға сәттілік, қызықты жаңалықтар, мол білім және жарқын жетістіктер тілеймін. Армандарыңызға ұмтылып, өз қабілеттеріңізді шыңдап, биік белестерді бағындыра беріңіздер!
Жаңа мектептегі алғашқы оқу жылы құтты болсын! Білім күні құтты болсын, құрметті оқушылар!
