Размер шрифта:

2025-2026 оқу жылы бойынша «№12 ЖОББМ» КММ-нің 11-сынып оқушылары мен Қарағанды Е.А.Букетов Ұлттық университеті арасында өткізілген кездесу туралы

Дата: 2025-11-07 11:42:17

2025-2026 оқу жылы бойынша «№12 ЖОББМ» КММ-нің 11-сынып оқушылары мен Қарағанды Е.А.Букетов Ұлттық университеті арасында өткізілген кездесу туралы

№2 анықтама

Тақырыбы: Қарағанды Е.А.Букетов Ұлттық университеті оқытушыларының кәсіптік бағдар беру мақсатында мектеп түлектерімен кездесуі

Өткізілген күні:07.11.2025

Өткізілген орны:№12 мектеп, акт залы

Кездесу мақсаты– университет пен мектептер арасындағы серіктестікті нығайту, білім алушылардың кәсіби дамуына ықпал ету, сондай-ақ білім беру саласындағы тәжірибелі мамандардың кеңесін тыңдап, кәсіби байланыстар орнату мүмкіндігін қамтамасыз ету.

Өткізу барысы:2025 жылдың 7 қарашасында Қарағанды Е.А.Букетов Ұлттық университетінің аға оқытушылары Омаров Оңғарсын Салсеріұлы, Сейтжан Нартай Сарсенұлы мен №12 ЖОББМ 11-сынып түлектері арасында кездесу өтті. Мектепте бітіруші түлектердің саны – 46 оқушы, қатысқандары – 31 оқушы. Кездесудің мақсаты – оқушыларға мамандықты таңдауда кәсіби бағдар беру. Кездесу барысында түлектерге университеттің тарихы айтылып, білім беру бағдарламалары ұсынылды, видео-ролик арқылы оқу корпустары көрсетілді.Университеттің еліміздегі университеттер рейтингіндегі орны, бүгінгі күнде қол жеткен жетістіктері жайында және кафедра мамандықтары бойынша жан-жақты мағлұмат берілді.

Кездесу соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оқытушылар тарапынан толық жауаптар алды. Сонымен қатар мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мен кәсіби бағдар беру маманы да өз пікірлерін білдіріп, оқушыларға пайдалы кеңестер берді.

Қатысушылар: 11-сынып оқушылары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мусаханова Дидар Жанаткызы, Болеген Жанболат, кәсіптік бағдар беруші Әбілда Ақбаян Базарбекқызы.