Балаларды отбасылық дәстүрлер негізінде тәрбиелеу
Балаларды отбасылық дәстүрлер негізінде тәрбиелеу.
Сухомлинскийдің айтуы бойынша « Ағашты баптап өсіру үшін, оны көшет кезінен бастан аялап, махабатпен, сүйіспеншілікпен өсіру керек» деген екен, сол айтылған сөздің шындығы бар. Себебі балаға қандай отбасы болмасын өзіндік дәстүр бойынша тәрбиеленуі тиіс.
1.Сіздің отбасыңызда ұрпақтан ұрпаққа берілетін дәстүрлер бар ма? Олар қандай? Сипаттап беріңіз.
2. Отбасында әдет-ғұрыптарды және салт-дәстүрлерді сақтау қандай рөл атқарады?
3. Ал Сіз өзіңіз отбасында қандай дәстүр қалыптастырдыңыз? Олар қандай? Сіздің бастамаңызды жақындарыңыз қолдай ма?
Ал, әрұлттың отбасысы өзіндік дәстүріне байланысты тәрбиелейді. «дәстүр» деген сөздің өзін – латын тілінен аударғанда «аманат ету, беру» деген мағынада. Дәстүр сөзінің өзінде отбасылық дәстүрді аманат етіп, бір-біріне беру, қалдыру ұғымы жайында айтылған. Осыған қарап айтуға болады: әрұлт өзіндік дәстүрлер негізінде бала дүниеге келгеннен бастап, балаларын отау құрғанша өз отбасынын дәстүрін білгенін жасап, үйретеді.
Мысалға алатын болсақ: қай халық болмасын бала дүниеге келгенін өзінде салт дәстүр ырымын орындауға тырысады, олардың қатарына келесілер жатады: «кіндік шеше», «ат қою», «шілдехана», «бесікке салу», «қырқынан шығару», «тұсау кесу», «сүндетке отырғызу» - діни наным-сенімге байланысты ғұрыптық сүндетке отырғызу салты. Дәстүрлі әдет-ғұрыптардан бүгінге дейін мынандай дәстүрлер сақталған: қалыңдықты көру (көрімдік беру), қалыңдықтың жасауын көру, жастарға шашу шашу, келіннің отқа май құюы, күйеу жігітке төс тарту, құдаларға құйрық-бауыр жегізу, жар-жар және бет ашар айту, киіт кигізу және т.с.с.
Ал, отбасылық кештер, мерейтойлар, ойынсауық кештер арқылы өз ойларымен, білген біліктіліктерімен, қуаныш сезімдерімен бөлісуді, сыйлау, достық, бірлестік ұғымдарына үйренеді.
Сондай-ақ қонақжайлық, отбасылық түскі ас әсіресе тәрбиелік мәні зор болып табылады. Әрине, отбасы мүшелерінің туылған күндерін атап өту- отбасындағы адамдардың бір-біріне деген сыйластығы арыта түсуі,
8 наурыз– әйел адамға деген сыйлау, сүйсіну, құрметтеу сезімдеріне үйренсе,
22 наурыз– халықтар, ұлттар арасындағы достыққа,
9 мамыр- Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен қазатапқан адамдарды қастарлеп, қадірлеп, «Ескерткіштерге гүл қою», «Мәңгілік өшпес отын жағып», «еске алу» кештерінің өзі отбасындағы дәстүрдің бірі болып табылады.
Сонымен қатар мадақтау мен жазалау дәстүрі де болу қажет.Ол арқылы бала жетістіктерге жету, өзін - өзі ұстауға, ұят, әділетсіздік пен әділет ұғымдарын біледі. Ал, қазіргі кездегі отбасылар жол жүру, саяхаттауды, кино көруге , циркке, театрға баруды дәстүрге айналдыруда. Міне, осылар арқылы баланың рухани адамгершілігі дамиды, қалыптасады. Отбасындағы бала мен ана, бала мен әке, бала мен туған – туыстар арасындағы қарым қатынастары тығыз байланысып, нығайып, тұтаса түседі.
Сонымен, тәрбие бала дамуын бағыттайды, басқарады, сондықтан да ол — баланы қалыптастырудағы негізгі күш. Тәрбие негізгі күш болғандықтан, оның жетімсіздігі, әлсіздігі баланың қалыптасуына кері әсер етеді.
«Ұяда не көрсең, ұшқанда, соны ілерсің»деген ата бабамыздың сөздерінің өзінде шындық жатыр. Себебі қазіргі жас отбасылар ұрпақтан –ұрпаққа өзіндік дәстүрінің білгендерін ғана көрсетіп сол арқылы тәрбиелейді. Ал ата - бабамыздың бізге қалдырған дәстүрін ұмытпай насихаттап, оны қастерлеп, құндылықтарын өсіп келе жатқан ұрпаққа жеткізе отырап, бізге берген тәрбиені, дәл солай бізде отбасылық дәстүр негізінде балаға тәрбие бере білейік! Қандай отбасы болмасын, балаларды отбасылық дәстүр негізінде тәрбиелей отырып, еліміздің Жас ұрпақтарының бойында адамгершілік, әдептілік, имандылық, ұлттық сана-сезімі мол, рухани жағынан дамып, қалыптасқан тұлғаларды тәрбиелейік!!!